Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП
Қою қара түтін семейліктердің үрейін алды

Сеченов көшесінде қоқыстың жануы орын алды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысының ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 сәуірде “112” пультіне Сеченов көшесінде қоқыстың жануы орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін ашық аумақта қоқыс пен автомобиль шиналарының жануы орын алғаны анықталды. Өрт сөндірушілер 35 шаршы метр аумақтағы өртті жойды. Зардап шеккендер жоқ.
Абай облысы ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы еске салады!
Өрт болған жағдайда “101” немесе “112” нөмірлері бойынша хабарлаңыз!
Semeynews.kz