Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықСемейТОП

Абай облысының тұрғыны гаражында есірткі сақтаған

Бородулиха ауданының тұрғынынан марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2023 жылдың  21 ақпанында  полиция қызметкерлері  Бородулиха ауданының тұрғыны өзінің гаражында  жеке  пайдалану  үшін есірткі заттарын сақтағаны туралы жедел ақпарат алады.

Осы факт бойынша ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі   ( аса ірі мөлшерде  есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын  өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

Зерттеуге ұсынылған зат сараптама қорытындысына сәйкес салмағы 144,00 грамм болатын есірткі заты-кептірілген марихуана болып табылды.

Күдіктіге қатысты өзін дұрыс ұстау және  ешқайда  бармау  түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Осы баптың санкциясымен 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

ҚР Конституциясының 77-бабына сәйкес, адам соттың күшіне енген заңды  үкімімен  өзінің кінәсі дәлелденгенге  дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз болып есептеледі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button