Абай облысыҚоғамСемейТОП
Семейде “Найза-Антитерор-2023” терроризмге қарсы оқу-жаттығулары өтуде

Семейде 2023 жылғы 27 наурызда қала аумағында “Найза-Антитерор-2023” терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабқа сілтеме жасап.
“Іс-шараның мақсаты құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру болып табылады. Осыған байланысты, облыстық жедел штаб азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, көлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздік шараларын сақтау және мемлекеттік органдарға тартылған қызметшілердің заңды талаптарын орындау сұралады”, – делінген хабарламада.
Semeynews.kz