
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас тәртіп сақшыларының назарына жол белгілерінің, бағдаршам нысандарының, сондай-ақ автомобильдерді ойлап табушылардың тарихы туралы сұрақтар ұсынылды. ШҚО ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Талғат Нұриевтің айтуынша, балалар мен жасөспірімдермен жүргізілетін іс-шараның негізгі мақсаты – жол қозғалысына қатысушылардың барлығының өмірі мен денсаулығын сақтау, балалардың жол-көлік жарақаттарын алдын алу мәселелерімен қоғамды хабардар ету.
Онлайн викторинаға 500-ден астам жас қозғалыс инспекторлары қатысты. Балалардың жол-көлік жарақатын алдын алу шарасы «Назар аударыңыз, балалар!» жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде жүргізілді.
Semey News.