
14 мамырда Семей қаласында мониторингтік топтармен 298 нысанға тексеру жүргізілді. Соның ішінде күнделікті мониторинпен “жылу картасына” кіретін 291 нысан қамтылды. 5 бұзушылық (сауда үйлерінде, базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында маскалық режімді бұзу) анықталды. Сомасы 379 210 теңгені құрайтын 3 хаттама толтырылды. 87 510 теңгені құрайтын 2 айыппұл өндірілді.
Курчатов қаласы бойынша 29 кәсіпкерлік нысандары тексерілді, бұзушылықтар анықталған жоқ.
Бесқарағай ауданында мониторингтік топ 6 тексеру жүргізді, 21 нысан қамтылды.
Сондай-ақ, санитарлық талаптарды сақтау бойынша мониторингтер Абай, Аягөз, Зайсан, Күршім және Шемонаиха аудандарында да жүргізілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.
Semey News.