Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП
Семейде жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Абай облысының орталығында жаяу жүргіншілер өткелінде бойжеткенді көлік қағып кетті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жол-көлік оқиғасы Қабанбай батыр – Ұранхаев көшелерінің қиылысында орын алған.
Абай облысының ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, “Toyota” маркалы автокөлікті басқара отырып, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 28 жастағы жүргізуші реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде 22 жастағы бойжеткенді қағып кетті.
Оқиға салдарынан қыз ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.
Semeynews.kz