Абай облысыӘкімшілік құқықбұзушылықҚоғамСемейТОП
Заңсыз балық тасымалдаған Абай облысының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Абай облысының тұрғыны 30 келіден астам балықты құжатсыз тасымалдаған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысының ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 17 қаңтар күні сағат 13:20 шамасында “Омбы – Майқапшағай” республикалық трассасынын патрульдеу кезіндегі қызмет барысында қызмет инспекторлары 790 км қашықтықта Семей қаласының 60 жастағы тұрғынының басқаруымен ВАЗ автокөлігін тоқтатты.
Автокөлікті тексеру кезінде жүк салғыштан қап және 2 қап балық (табан, мөңке, көксерке) табылды. Алайда оның балыққа рұқсат беру құжаттары болмады.
Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігі бойынша “Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу”бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Semeynews.kz