Абай облысыҚоғамСемейТОПЭкономика

Абай облысының әкімі Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнында болды

Нұрлан Ұранхаев Жарма ауданының ғана емес, жалпы өңірдің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірі саналатын – «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-де болды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі – кен өндіру, құрамында алтын бар концентратты байыту және шығару

«Полиметалл» компаниясы алтын өндіру активін 2014 жылғы қыркүйекте сатып алған. Оған ұзақ күтілетін пайдалану мерзімімен ғана емес, сонымен қатар елеулі геологиялық барлау әлеуетімен сипатталатын Бақыршық және Большевик алтын кен орындары кіреді.

2018 жылы кәсіпорында үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өнімділігі жылына 2 млн. тонна кен байыту фабрикасы пайдалануға берілді. Сол жылдың өзінде-ақ толық жобалық өнімділікке қол жеткізілді.

Кен байыту фабрикасы пайдалануға берілген сәттен бастап кәсіпорында концентрат  түрінде 50 тонна алтын өндірілді. Кәсіпорында 1 400-ден астам адам жұмыс істейді. Сонымен қатар, кәсіпорын мердігерлік ұйымдардың 1 100 қызметкерін жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуды қолдай отырып, жергілікті билікпен әлеуметтік әріптестік туралы меморандумдар шеңберінде жақын маңдағы елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарта отырып, әлеуметтік салаға қомақты қаражат салуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button