Абай облысыҚоғамСемейТОП
Семейде жылы аялдамалар орнату жұмыстары жүргізілуде

Семейде қала тұрғындарына қолайлы болу үшін жылы автобус аялдамаларын орнату жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жылы автобус аялдамалары – Абай көшесіндегі “Университет” және Шәкәрім даңғылындағы “Музыкалық мектеп” аялдамаларына орнатылады.
Автобус аялдамалары жаңа заманауи жабдықтармен, соның ішінде бейнебақылаумен, ұялы телефонды қуаттау және жылыту құрылғыларымен жабдықталған.
Жергілікті билік Семей қаласының тұрғындары мен қонақтарынан қаланың ортақ мүлкіне ұқыпты қарауға шақырады!!!
Semeynews.kz