
[:kk]Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде «Киберспорт және білім беруді геймификациялау» оқу зертханасы ашылды, — деп хабарлайды Semeynews.kz.
Іс-шара «Astana hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркінің, «American Corner» мәдени орталығының, «Tech Central Asia» стартаптардың акселерациялық бағдарламасының қолдауымен өтті
Зертхананың негізгі мақсаты — заманауи IT-мамандарды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Мұндай маманның жетістігінің құпиясы қазіргі әлемде кез-келген стартаптың негізіне айналған әртүрлі мәселелерді шешуде шығармашылық тәсілде жатыр.

— Біздің жоғарғы оқу орын қазіргі заманғы IT-технологиялар мен оқыту әдістемелерін дамытудың алдыңғы шебінде тұр. Бізде университеттің материалдық-техникалық базасы, оқу-әдістемелік материалдары үнемі жетілдірілуде, жоғары оқу орнының серіктестері ірі халықаралық компаниялар: Huawei, Oracle, компания 1С. ШҚТУ ҚР техникалық жоғары оқу орындарының арасында 2 – ші орынға ие, — деп атап өтті Д.Серікбаева атындағы ШҚТУ КЕАҚ Басқарма Төрағасы- ректор Сәуле Рахметуллина.
Айта кету керек, жаңа орталық базасында жас маман-студенттердің көмегімен жүзеге асырылатын жобалар әзірленді. Олардың ішінде: өнеркәсіптік жабдықтарды моделдеу; Т-72 танкінің қозғалтқышын іске қосу бойынша виртуалды тренажер; шахталарда жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасын үйрету; студенттер мен талапкерлерге арналған телеграм-бот ШҚТУ; Қазақстан тарихы бойынша мобильді қосымша; толықтырылған нақтылық технологияларын қолдану арқылы туризмге арналған қосымша; 3D-турларды қолдану арқылы Абайтану.
Жаңа орталықты ашу барысында Google (Ирландияда); «American Corner»; «Tech Central Asia» және т.б. компанияларында өз тәжірибесімен бөлісті. Өскемен қаласының тұрғындары өз ойларымен бөлісті.
Келесі әлемдік компаниялардың өкілдері мастер-класс өткізді: «Astana hub» білім беру бағдарламалары кеңсесінің директоры Азиз Тлеумұратов; Harbor Space University-ден Алмаз Аубакиров (Барселона); Nazarbayev University, Tech Central Asia-дағы стартап үйлестірушісі Болат Сұлтанғазин; Codiplay компаниясының негізін қалаушы Жанәділ Талдыбаев; Google-дегі бағдарламашы (Ирландия) Айсұлу Хайдарқызы және басқалар.
Орталықтың ашылуы ашық көрме стилінде өтті — бірнеше аймақта бір уақытта түрлі іс-шаралар өтті. Ұйымдастырушылар жаңа зертхана керемет білім беру орталығы болатынына сенімді, кім біледі, мүмкін университет қабырғасында өзінің Билл Гейтсі, Марк Цуркербергі немесе Илон Маскісі пайда болуы мүмкін.
Сондай-ақ, ашылу кезінде CS:GO киберпәннен чемпиондар турнирі өтті. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздарға кубок табысталды.
Semeynews.kz
[:]


