Әкімшілік құқықбұзушылықҚоғамСемейТОП
[:kk]Семейдегі «ескі көпірде» көлік бағанаға соғылды[:]

[:kk]Семейде тұрғындар арасында «ескі көпір» деп аталатын көпірде жеңіл көлік бағанаға соғылды, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ПД баспсөз қызметінің хабарлауынша, оқиға ағымдағы жылдың 1 маусымында сағат 22:00 шамасында болған.
«29 жастағы AUDI көлігінің жүргізушісі көпір үстінде көлікті басқара алмай жарық бағанасына соғылды. Оқиға салдарынан жүргізуші түрлі дене жарақаттарын алды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады», — делінген ведомство хабарламасында.
Semeynews.kz[:]


