
«Заңсыз қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар не әкімшілік, не қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұл заңмен көзделген. Сондықтан табылған қару-жарақты полицияға тапсыруға шақырамын», – деді министр.
Сонымен қатар ұрланған қару-жараққа қатысты кез келген ақпаратты «102» немесе 72-22-45 нөмерлеріне хабарлауды сұрады.
«Елімізде құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті іс-шара қабылдануда», – деп аяқтады сөзін Марат Ахметжанов.
Semeynews.kz