Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бейнебайланыс режимінде өңірлік филиалдармен жиналыс өткізді. Онда жергілікті жерлерде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяуда өткен Парламент Мәжілісінде қойған міндеттерін орындауда қоғамдық және партиялық қолдауды қамтамасыз ету жөнінде айтылды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.