КазахстанҚоғамҚылмысТОП
Тапанша-пулемет, граната атқыш. Алматыда бұзақылардың қару-жарағы қандай болған?
Тапанша-пулемет, граната атқыш, калашников автоматы. Бұл Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қатысқан тонаушылар мен лаңкестерден тәркіленген қарудың бір бөлігі ғана. "Қорамсақ" қару-жарақ бірлестігінің атқарушы директоры Сергей Катнов тәртіпсіздік кезіндегі фото және видео материалдарды зерттеп Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қарақшылар мұндай қаруды қайдан алғанын айтты.
