Елбасының архитектуралық шешімдері: Тәуелсіздіктің символына айналған елорданың бірегей ғимараттары
Астананы Алматыдан Ақмолаға көшірудің негізгі бастамашысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болды. 2003 жылы Елбасының The Wall Street Journal газетіне берген сұхбатында тілшінің жаңа астананы жобалауға қатыстыңыз ба деген сұрағына: «Мен әр ғимаратты, әр сәулет жобасын жобалауға қатыстым. Тіпті ғимараттардың түсін де... Мен сәулетшімін және одан ұялмаймын» деп жауап берді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында қала әкімдігі сайтының редакциясы Елбасының елордадағы ең үздік архитектуралық шешімдеріне шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.