1991 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заң қабылдады. Бұл – еліміз бен халқымыздың болашақ дамуын, ертеңгі тағдырын анықтаған аса маңызды, тарихи құжат. Осы құжаттың қабылданған күні елімізде жыл сайын ең басты мемлекеттік мейрам – Тәуелсіздік күні ретінде аталып келеді.