Covid-19ВКОҚоғамТОПШҚО

[:kk]Шығыс Қазақстанда үш күнде Pfizer вакцинасын 1 900-ге жуық адам салдырды[:]

Шығыс Қазақстан облысында соңғы үш күнде Pfizer вакцинасын 1 900-ге жуық адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

[:kk]ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірде коронавирусқа қарсы америкалық Pfizer вакцинасын балалар мен жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін әйелдерге салдыру науқаны жалғасуда.

«Қазіргі уақытта жалпы саны 1 900-ге жуық адам екпе алған. Вакциналау барысында барлық талаптар қатаң сақталуда. Pfizer-ді тек 12-18 жасқа дейінгі балалар ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімі арқылы салдыруда. Жалпы облысқа аталған екпенің 35 100 дозасы жеткізілген», — делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО стационарларында 557 науқас коронавирустан емделіп жатқаны хабарланған.

Semeynews.kz[:]

Осы айдарда

Back to top button