ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да жасырылған қарулар табылды

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері Семей қалалық ПБ қызметкерлерімен бірлесе отырып жауынгерлік оқ-дәрілері бар жасырылған тапаншаларды тапты, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, алынған ақпаратқа сәйкес мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып жедел шаралар ұйымдастырды. Нәтижесінде Бородулиха тас жолы ауданында Макаров тапаншасы салынған құпия қойғыны тапты.

Сонымен қатар жергілікті жерді қарау барысында Семей тас жолы – РФ шекарасы екінші шақырымында тағы бір Макаров тапаншасы табылды, оқ салатын қорабында 7 оқ болған. Сондай-ақ құпия қойғыдан гранатаға ұқсас металл зат табылды.

Табылған қару 37 жастағы Семей тұрғынына тиесілі екені анықталды.

  • Семейлік полицейлермен бірге жақсы, үйлесімді жедел жұмыс жүргізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді баспасөз қызметінде.

Аталған бап бойынша – бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазалау қарастырылған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button