
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен тәулікте Шығыс Қазақстан облысы аумағында екі пішен өрт орын алған.
Үржар ауданында тұрғын үйлердің бірінің ауласында жиналған 2 тонна шөп өртеніп, тілсіз жау сарайдың ағаш құрылымына тараған. Құтқарушылармен 70 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді.
Осындай жағдай Тарбағатай ауданында орын алды, 40 тонна жиналған шөп өртенді. Құтқарушылармен өрт толықтай сөндірілді.
Өрт шығуының басты себептері – отты ұқыпсыз пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.
Semeynews.kz