ВКОҚоғамОқиғаТОПШҚО

[:kk]ШҚО-да 2419 тонна шөп өртенді (ВИДЕО)[:]

Шығыс Қазақстанда өрт қауіпті кезең басынан бастап 2419 тонна шөп өртенді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

[:kk]Аягөз, Бесқарағай, Көкпекті және Тарбағатай аудандарында өрт саны көп тіркелуде.

Өрт шығуының негізгі себептері – отты ұқыпсыз пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Ағымдағы жылдың 3 қазанында Күршім ауданындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында 10 тонна шөп өртенді. От маңайында орналасқан шаруашылық құрылыстың ағаш құрылымына өршіді. Құтқарушылармен 2 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді.

4 қазанда таңғы сағат 05 шамасында Бесқарағай ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінің аумағында жиналған 150 тонна шөп өртенді. Өрттің шығу себебі – әдейілеп өртеу. Тілсіз жауды ауыздықтауға ШҚО ТЖД, орман шаруашылығының және қожалықтың күштері мен құралдары жұмылдырылды.

4 қазанда Семей қаласындағы Шығыс кентінде «Камаз» көлігімен тасымалдау барысында өрт шықты. Түктелген 6 тонна шөп өртенді, көліктің кабинасы, доңғалағы, өртенді. Өрттің жалпы алаңы 20 шаршы метр. Алдын ала болжам бойынша отты абайсыз пайдалану деп болжануда.

Шығыс кентіндегі өрт

Бесқарағайдағы өрт

Semeynews.kz[:]

Осы айдарда

Back to top button