ВКОҚоғамҚылмысТОПШҚО

[:kk]Күршім ауданында жасөспірім дүкенге ұрлыққа түсті[:]

ШҚО-ның Күршім ауданында дүкенге ұрлыққа түскен жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

[:kk]ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың қыркүйек айының ортасында Күршім ауданы ПБ кезекші бөлімінің «102» жедел арнасына Ақсуат ауылының 49 жастағы тұрғыны хабарласып, ол 13-нен 14-не қараған түні белгісіз тұлға үйінің ауласында орналасқан азық-түлік дүкенінің терезесінің шынысын сындырып, 35 625 теңге сомасына темекі мен сағыз ұрлап кеткенін айтты.

Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы іс-шаралар жүргізу барысында күдіктіні анықтады. Ол Ақсуат ауылында тұратын 8-сынып оқушысы болып шықты.

  • Ата-анасының қатысуымен жасөспірімнен жауап алу барысында, ол ата-анасы ұйықтап қалғаннан кейін көшеге шыққанын түсіндірді. Қылмыс жасалғаннан кейін кәмелетке толмаған ұрланған заттарды иесіз үйге жасырып кеткен. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Жасөспірім кінәсін толық мойындады, — делінген баспасөз қызметінің мәліметінде.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz[:]

Осы айдарда

Back to top button