ҚоғамСемейТОП

Семейде мектепке дейінгі мекемелерде 3 мыңнан астам бала кезекте тұр

Семейде биылғы жылы жаңа екі мектепті ашу және алдағы жылы төрт бала-бақшаның құрылысы жоспарлануда, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мемлекет басшысы Жолдауында 2025 жылдың соңына дейін Қазақстанда 1000 мектеп салуға тапсырма берді. Осыған байланысты, Семейді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру шеңберінде биылғы жылы қалада екі жаңа мектеп ашылады, олар Степной және Шығыс кенттерінде, 300 және 1200 орынға арналған.

– Тең жағдайда сапалы білім алуды қамтамасыз ету және қала мектептеріндегі оқушы орындарының жетіспеушілігін азайту үшін келешекте 3000 орынға арналған 3 мектептің құрылысы жоспарлануда. Олардың екеуі Қарағайлы ықшам ауданында және біреуі Водный кентінде бой көтереді. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен неғұрлым кең көлемде қамту үшін, мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін қолдана отырып 1100 орынға арналған 4 бала-бақшаның құрылысы жоспарлануда: Қарағайлы ықшам ауданында 320 орындық 2, Восход кентінде 140 орындық және Бобровка кентінде 320 орындық.

Бүгінгі таңда мектепке дейінгі мекемелерде 2 жастан 3 жасқа дейінгі 3 189 бала кезекте тұр. Олар 100% қамтылады, – деп хабарлады Бақытжан Байахметов.

Бағдарламалау саласындағы білімді арттыру үшін қала мектептерінде IT құзыреттіліктері: 3D модельдеу, бағдарламалау және робототехника бойынша халықаралық стандарт бойынша тереңдетілген IT бағдарлама енгізілді. Сабаққа 16 102 оқушы тартылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button