Covid-19ШҚОҚоғамТОП

Шығыс Қазақстанда 343 екпе егу кабинеті жұмыс істейді

Қыркүйек айындағы жағдай бойынша коронавируспен ауыратындар санының тамыз айының ең жоғары көрсеткіштерімен салыстырғанда екі есеге төмендеген, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО активінің ел Президентінің “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі” Жолдауына арналған отырысында коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі одан арғы шаралар, сондай-ақ, өңірдің денсаулық сақтау саласын дамыту талқыланды. Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың айтуынша, бүгінгі таңда халықтың 62,2%-ы вакцинация, ал 78,0%-ы 1 компонентпен егілді.

– Біз жұмысты жалғастыруымыз керек, – деді облыс әкімі. – Ұжымдық иммунитеттің қалыптасуының арқасында ғана біз қалыпты өмір салтына қайта орала аламыз. Өңірде ковидтік бөлімшелерде төсек-орындар жеткілікті. Дәрігерлер үшін жеке қорғаныс құралдарының қоры бар. 18 компьютерлік томограф, 67 рентген аппараты, 370 ӨЖЖ аппараты тәулік бойы жұмыс істейді. ПТР тестілеуді 20 зертхана жүргізеді.

Аймақтағы пандемия жағдайында денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылады. Биыл Семейде ядролық медицина және онкология орталығы іске қосылды. Онда бірегей радиойодтерапия жүргізіледі.Жыл соңында балаларды оңалту және катамнез орталығы өз есігін айқара ашады. Өскеменде гематология орталығының құрылысы жалғасуда.Оның “жүрегі” ғылыми зертхана болмақ. Сонымен қатар, мұнда қан айналымы жүйесінің ауруларын емдеуде жасушалық және гендік-инженерлік технологиялар пайдаланылатын болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button