
Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Успен ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізген.
Рейд барысында полицейлер жүргізушілерге жол-көлік оқиғасының негізгі себептерін атап өтіп, оларға оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын түсіндіруде.
– Кезекті рейдтік іс-шара барысында Белоусовка ауылының маңында тәртіп сақшылары жүргізушісі орташа дәрежеде мас күйінде болған комбайнды тоқтатты. Ер адам түскі үзіліс кезінде ішімдік ішкен, содан кейін даладағы жұмысын жалғастырған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – деді жергілікті полиция бастығы Қуандық Шахманов.
Айта кетелік, ағымдағы жылы Успен ауданының аумағында полиция қызметкерлері мас күйінде көлік тізгіндеген 20 жүргізушіні анықтаған.
Semeynews.kz