
Жарыс бағдарламасының екінші түрінде спортшылар үлкен трамплиннен секіру керек болатын. Алайда ауа райы жағдайына байланысты турнирді К-90 трамплинінде қайта өткізу туралы шешім қабылданды.
Жеңіске норвегиялық Халвор Эгнер Гранеруд 221,4 ұпаймен ие болды. Екінші орынды Роберт Юханссон (Норвегия) алды – 212,4. Үздік үштікті тағы бір норвегиялық Мариус Лидвик 211.8 көрсеткішімен қорытындылады.
Қазақстандық Сергей Ткаченко 196,2 ұпаймен оныншы болды. Данил Васильев 14 орында 187.1 ұпаймен тұрақтады.
ФОТО: Қазақстан ҰОК, Сали Сабиров
Semeynews.kz