
“Өрт салдарын жою бойынша жедел-штаб жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. ТЖМ, ІІМ, Төтенше жағдайлар министрлік бөлімшелері жұмылдырылды. Темір жол байланысы уақытша тоқтатылды”, – деп жазды президент Twitter-де.
Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.
Тараз тұрғындарының айтуынша, қалада жарылыстар әлі де жалғасып жатыр. Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болған.
Semeynews.kz