
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға «Микробиолог» саяжай қоғамында 16 тамыз күні болды.
Анықталғанындай, 63 жастағы Б. деген тұрғын өзінің ескі саяжай үйін бұзып алуға келген. Алайда оған саяжай күзетшісі кедергі келтірген. Бұған ызаланған Б. пневматикалық винтовкасын алған.
«Сол кезде 62 жастағы күзетші, бірінші топтағы мүгедек З. тез жанатын сұйықтықты шашып жіберген. Қорқып кетіп, сөндірмек болғанымен, Б-ның денесінің 90 пайыздан астамын күйік шалып үлгерген. Алған жарақаттары салдарынан ер адам ауруханада көз жұмды», деді Б.Болатбеков.
Қазіргі кезде күдікті ұсталып, ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне (жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 60 жастағы ер адамның жетінші қабаттан құлап, көз жұмғанын жазған болатынбыз.
Semeynews.kz