
- Қабылданған шаралармен, ақшалай сыйақы үшін денсаулық сақтаудың біріңғай ақпараттық жүйесіне вакцина алмаған әскери қызметшілерді вакцина алды деп жалған ақпараттар енгізіп отырған медицина қызметкерлері әшкереленді, – деді аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл майор Азамат Мұхаметқалиев.
Вакцинацияның жалған электронды паспорты әскери қызметшілерге қызметте ПТР тестін тапсырмауға, сондай-ақ басқа да мекемелерге «Ashyq» бағдарламасынсыз кіруге мүмкіндік берген.
Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің біріңғай реестріне тіркелді, тергеу амалдары жүргізілуде.
Semeynews.kz