
Іске қатысты сот отырыс жабық есік жағдайында өтті. Бұл іске барлығы 7 жәбірленуші қатысты.
Қыздарға барларда, қонақ үйлерде жалақысы жоғары жұмыс тауып береміз деген олар шетелге алып барып, құжаттары мен телефондарын тартып алып, жезеөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Олардың барлығын бір үйде ұстап, бір-бірімен сөйлесуге шектеу қойған.
Зардап шеккендер Бахрейнде бір жылдай интимдік қызмет көрсекен. Артынша жергілікті полиция жезөкшелікпен айналысатындарды құрықтаған.
Патшалықта сотталғандарға Мәжит есімді жергілікті сутенер көмектескені белгілі болды. Шымкенттік әйелдер Мәжиттен қыздарды Бахрейнге жеткізгені үшін ақша алып отырған.
“Іс материалдары бойынша әйелдердің Бахрейндегі Мәжит. есімді сутенермен таныс болғаны анықталды. Ол қыздарды Бахрейнге жеткізгені үшін сыйақы беремін деп уәде еткен”, – деді Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы Сәбит Төреханов.
Қазақстандық әйелдерден басқа жезөкшелікке салынғандардың арасында ТМД елдерінен келген әйелдер де болды.
Шымкентте Бахрейндегі қазақ әйелдерін сексуалдық құлдыққа сату ісіне қатысты тағы бір беделді сот процесі жүріп жатыр. Бұл жағдайда трансұлттық қылмыстық топтың ұйымдастырушылары сотталады.