
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 22 шілдесінде Аягөз ПБ кезекші бөліміне 61 жастағы әйел хабарласып, түнгі уақытта белгісіз тұлғалар оның үйіндегі ас үй бөлмесіндегі шкафтағы сөмкеден 3 сақина, 1 жұп сырға, «SAMSUNG» ұялы телефонын ұрлаған. Жалпы сомасы 885 000 теңгеге материалдық зиян келтірілген.
«Образ ++» базасы мен бейнебақылау камерасының көмегімен тергеу-жедел тобы бұрын сотталған 34 жастағы ер адамды анықтап жеткізді. Тергеу барысында ұрланған мүлікті беріп, кінәсін мойындады.
Жергілікті тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Semey News