
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер 250-ден астам егілген есірткі өсімдігін тәркіледі.
Алтай ауданының полиция қызметкерлері жедел алдын алу іс-шарасы барысында Серебрянск қаласының 45 жастағы тұрғыны бақшасында «Марихуана» есірткі заттарын өсірумен айналысқанын анықтады.
- Есірткі құралдарын сот – сараптамалық зерттеудің қорытындысына сәйкес жұлынған 262 өсімдік сора тектес өсімдіктер болып табылады және жалпы салмағы 16 431 гр құрайтын есірткі құралдары – «каннабис» тектес өсімдікке жатады. Сонымен қатар, бөтелкеде өсірілген 3 түп қарасора тұқымдас өсімдік, салмағы 538,38 гр құрайтын кептірілген марихуана, салмағы 26,80 гр кептірілмеген марихуанасы бар 3 полимерлі пакет табылып, салмағы 59.33 гр құрайтын гашиш тәркіленді, – деді баспасөз қызметінде.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі (құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіргені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді.
Semey News