МәдениетҚоғамСемейТОП

Семейде Абай күніне арналған бірқатар іс-шаралар өтеді

Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік музей-қорық музейінде Абай Құнанбайұлының туған күні аясында бірқатар мерекелік іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды Semey News.

Бұл күні ҚР Суретшілер одағының одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері, суретші,  профессор Нұрбұлан Өтепбаевтың ” Көргенім… Көңілдегім…». Нұрболан Өтепбаевтің көрмесі өтеді. Суретшінің көрмелері Семей, Өскемен, Павлодар, Алматы және Нұр-Cұлтан қалаларында ұйымдастырылды.

– Біз Абай күніне орай бірнеше шара өткіземіз. Бұл күн Абай ескерткішіне  гүл шоқтарын қоюмен басталады. Одан кейін “Абай музейінің ғылыми тұжырымдамасы” атты дөңгелек үстел өтеді.  Сонымен қатар, Нұрболан Өтепбаевтың “Көргенім… Көңілдегім…”  көрмесі өтеді.  Сондай – ақ, Абай күніне орай “Kazakhstan Speedcubing Federation” командасы 3000 текше рубиктен тұратын панно жинамақ, – деді музей директоры Тұрдықұл Шаңбай.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button