Әлеуметтік желілерде пойыз жүргізушісінің “теміржолда құрттар қаптап, жүруге кедергі келтіргені” туралы видеосы пайда болды. Оның айтуынша, тепловоздың қозғалысына теміржолда қаптап кеткен жәндіктер кедергі болған.

ҚТЖ баспасөз қызметі мәліметінше, видео Ақтөбе облысында “Ақтөбе мыс компаниясы” жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін Көктау-Кемпірсай учаскесінде түсірілген.
Сонымен қатар, ҚТЖ пойыздарында мұндай мәселе туындамаған.
“Қазіргі уақытта Ақтөбе бөлімшесінде магистральды желіге көбелек дернәсілінің қаптауына байланысты дерек тіркелген жоқ. Жәндіктердің кесірінен пойыздардың кешігуі болған жоқ, пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ”, – деді ҚТЖ баспасөз қызметіндегілер.
Semey News