Сарапшылардың айтуынша, ауылдық жерлерде дауыс беру қалаларға қарағанда белсенді өтеді. Өйткені, адамдар көбінесе өз елді мекендерін басқаратын адамдарды жақсы біледі. Өз кезегінде, жас кандидаттар жеңіске жеткен жағдайда өскелең ұрпақ үшін тамаша үлгі бола алады.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиевтің айтуынша, сайлау тыныш өтіп жатыр, бұзушылықтар тіркелген жоқ. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері де орын алмаған.
ШҚО бойынша СЭБ департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Алин сайлау учаскелерінде санитариялық-эпидемиологиялық нормалар сақталуы тиіс екенін еске салды.
– Сайлау учаскесінде сайлау комиссияларының мүшелері мен қатар дене қызуы көтерілген, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның басқа да белгілері бар адамдардың болуына тыйым салынады. Стационарлық және тасымалданатын жәшіктерді ашар алдында санитарлық өңдеу жүргізу қажет. Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін, дауыс беруге арналған үй – жайды толық дезинфекциялау қажет болады, – деп атап өтті Ғалымбек Алин.
Semey News