Қазақстан командалары Олимпиада ойындарында қалай киінді
Бүгін Жапония астанасындағы XXXII жазғы Олимпиада салтанатты түрде ашылады. Қазақстан бұл дүбірлі додаға 1996 жылдан бері қатысып келеді және үздік нәтижемен қатар сән-салтанатты формасымен де көзге түсті. Осы орайда ҚазАқпарат агенттігі 1996 жылдан бері Қазақстан құрамаларының Олимпиада ашылуына киген салтанатты формаларына шолу ұсынады.