ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың шілде айының ортасында патрульдік полиция инспекторлары түнгі уақытта Семей қаласының көшелерінің бірінде патрульдеу кезінде 25 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен “ВАЗ” автокөлігін тоқтатты.
“Құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкерлері жүргізушіден алкогольдің иісін сезген. Сараптама көрсеткендей, ер адам мас күйінде көлікті басқарған. Сондай-ақ, жүргізуші бұрын 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Semey News