18 шілдеде Шығыс Қазақстан коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес “сары” аймаққа өтті. Өткен тәулікте коронавируспен ауыратын 95 науқас тіркелді. Аймақтың медициналық мекемелері эпидемиологиялық нашар жағдайға дайын. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, облыстың инфекциялық стационарларында төрт мыңға жуық төсек-орын бар. Қазір инфекциялық төсек қорының 14 пайызы ғана қажет. Өскеменде инфекциялық стационарларда 257 адам, Семейде – 226 адам, облыстың басқа қалалары мен аудандарында – 78 адам жатыр. Өңірде 345 реанимациялық төсек-орын бар. Әзірге оның 15 пайызы ғана қолданысқа қажет. Өскеменде – 23 адам, Семейде – 21 адам, облыстың басқа қалалары мен аудандарында-9 адам реанимацияда жатыр.
Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне емдеуге жатқызылған барлық пациенттің 42-сі ауыр дәрежеде, 11-і аса ауыр дәрежеде. Тоғыз адам жасынды дем беру аппаратына, 35 адам инвазивті емес жеңіл желдетуге қосылған.
Semey News