Семей қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 20 шілдеде сағат 03:40 шамасында “Өскемен-Семей” тас жолында болған.
“30 жастағы «Hyundai GETS” Семей қаласынан Өскемен қаласы бағытында жүріп бара жатып, жолдың 40 шақырымында кедергіге соғылған, нәтижесінде көлік аударылып өртенді”, – деп түсіндірді Семей қалалық ПБ.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алғандар жоқ. Қазіргі уақытта бірқатар сараптамалар тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.
Semey News