ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлауынша, аталған жағдайлар шомылуға арналмаған және құтқарушылар кезекшілік жасамайтын жерлерде орын алған.
“17 шілдеде Бұқтырма су қоймасындағы Қызыл ту өткелі аумағында суға түсуге арналмаған жерде 1981 жылғы азамат суға батты. 18 шілдеде Алтай ауданында, Бұқтырма су қоймасының жағалауында 17 жасар жігіт суға батып кетті. Қазіргі уақытта құтқарушылармен суға батқан жігітті іздестірілуде. 19 шілдеде Төменгі Тайынты ауылында 2006 жылғы жасөспірім суға кетті”, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
Төтенше жағдайлар қызметі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Semey News