ӘлемСпортТОП

Ұлулардың қаптап кетуі Олимпиада жарыстарына қауіп төндіріп отыр

Токиода ұлулардың қаптап кетуі Олимпиада ойындарындағы байдарка мен каноэ есу жарыстарын болдырмауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Жарыс өткізілетін Токио шығанағындағы устрицалар өздерін жаппай судың тыныш бетін ұстап тұруға арналған қалтқыларға жабысып қалған. Олар устрицалардың ауырлығынан бата бастаған.

Амал жоқ, оларды жағаға шығарып, тазартуға немесе сүңгуірлерді тазалауға жіберуге тура келеді. Бүгінгі күні қалтқылардан 14 тонна устрица шығарылды, бұл жұмысқа 1,28 миллион АҚШ доллары жұмсалды.

Олар қыста Жапонияда өте танымал болған ұлудың магаки түрлерінің моллюскалары болып шықты. Қалтқылардан шығарылған устрицаларды жеуге болмайды, өйткені судың қауіпсіздігі тексерілмеген.

The Sea Forest Waterway – бұл бүкіл елдегі жалғыз халықаралық стандарттағы ескек есу трассасы.

Айта кетсек, Токиодағы Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button