ШҚОҚоғамШҚО

4 адамды өрттен құтқарған Семейлік полицейлер “Ізгі жүрек” марапатына ие болды

Соңғы үш жыл бойы "KAZZINK" компаниясы Металлургтер күніне орай "Ізгі жүрек" ("Доброе сердце") байқауы аясында өзгелерді құтқару үшін өз өмірін қатерге тіккен ең батыл және ержүрек шығысқазақстандықтарды марапаттап келеді, деп хабарлайды Semey News.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары адамының өміріне қауіп туған жағдайда көмектескен кейіпкерлердің есімдерін ұсынады, соның барысында ШҚО ТЖ қолдауымен кандидаттар тізімі белгіленіп, соңғы кезең бойынша ресми сайтта дауыс беру арқылы халық таңдаған кейіпкерлердің есімдері анықталады.
Биылғы жылы финалистердің қатарында 3000-нан астам дауыс жинаған полиция аға лейтенанты Диас Агзамов пен полиция лейтенанты Азамат Ибрайханов бар.
Семей қаласының екі полицейі қызмет уақытында, түнгі сағат 2:30 шамасында, Пархоменко көшесімен жүріп бара жатып, қою түтінді байқап қалады. Түтін шыққан жаққа көз тастаған олар жанып жатқан үйді көреді. Жедел түрде оқиға туралы 101-арнасына хабарлай отырып, полиция қызметкерлері өрт сөндірушілерді күтпей, адамдарды қауіпсіз жерге өздері эвакуациялауға асығады.
Лаулаған жалын үйдің көп жерін, сонымен қоса кіре беріс бөлмелерді шарпып кеткен еді. Ас бөлмедегі терезе арқылы тұрғын үйге кірген жігіттер бір адамды тауып, одан сол уақытта үй ішінде қалған адамдардың нақты санын анықтап, тез арада олардың қауіпсіз жерге шығуларына көмектеседі.
Отбасылық жұпты (1963 жылы туған ер адам және оның 1967 жылы туған әйелі), олардың 18 жасар ұлы мен 90 жастағы атасын терезеден эвакуациялаған Диас Агзамов пен Азамат Ибрайханов кез-келген секундта жарылуы мүмкін екі газ баллонды да далаға шығарады.
Осы ерлігі үшін олар “Ізгі жүрек” марапатына және “KAZZINK” компаниясының атынан миллион теңгеге ие болды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button