Covid-19ШҚОТОПШҚО

С.Аманжолов атындағы ШҚУ – мықты иммунитет орталығы

ШҚУ студенттері мен оқытушылары вакцинация бойынша көшбасшылар қатарында, деп хабарлайды Semey News.

Бүгінгі таңда университет оқытушылары мен қызметкерлерінің 98,6%-ы вакцина алды. Ал вакцинацияланған студенттер көрсеткіші 60,4%-ға жетті.

Бұл аймақтағы ең жақсы көрсеткіш екенін жоғары оқу орнының басшылығы атап өтті.

– Біздің қызметкерлер, оқытушылар, әсіресе, студенттер саналы түрде осы қадамға белсенділікпен барып жатқандарына қуаныштымыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, жалпыға бірдей вакцинациялау адамдардың денсаулығын сақтауға және қалыпты өмірге қайтып келудің бірден-бір жолы екенін әрине баршаға түсіндірудеміз. Күзде оқыту оффлайн форматта басталады, қазір ЖОО жаңа оқу жылына толық дайындық жүргізуде. Барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады, – дейді университеттің ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген.

“Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі” мамандығының 3 курс студенті Аяужан Әшімова басқа студенттер сияқты оқу процесінің дәстүрлі түрін асыға күтіп жүргенін жасырмайды.

– Мен топта алғашқылардың бірі болып вакцина алған шығармын. Бәрі жақсы. Әрине, тән көріністер болды – бұлшықет ауыруы сияқты, бірақ қазір мен өзімді өте жақсы сезінемін. Өткен аптада екінші компонентті алдым. Менің курстастарым да вакцинацияға белсенді түрде барып жатыр. 1 қыркүйекте жаңа оқу жылын дәстүрлі форматта бірге бастайтынымызға сенімдімін, – дейді Аяужан Әшімова.

Айта кетейік, бүгін университетте “ШҚУ – мықты иммунитет орталығы” атты челлендж – акциясы басталды. Вакцинаны алған студенттер мен оқытушылар әлеуметтік желілердегі басты фотосуреттеріне “ШҚУ – мықты иммунитет орталығы” жақтауын қойып, достары мен таныстарына өзін және жақындарын COVID-19 инфекциясынан қорғауға шақырады.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button