- Ағымдағы жылдың 13 шілдеде түнгі уақытта Сәтпаев даңғылы бойынан 27 жастағы жүргізушінің басқаруымен “ВАЗ-21124” маркалы автокөлік тоқтатылды, тексеру барысында ер адам өзін дұрыс ұстамады. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес, азамат каннабиоидтарды қолданудан туындаған есірткіге мас күйінде болған, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметінде.
Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылды, бұл жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
Аталған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс шешімін қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Semey News