ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО полицейлері дрон арқылы жол ережесін бұзушыларды анықтауда

Шығыс Қазақстан полицейлері дрон арқылы жол апаты жиі болатын қауіпті аймақтарды бақылауда, деп хабарлайды Semey News.

Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2021 жылдың 14-21 шілде аралығында “Қауіпсіз жол” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

  • 14 шілдеде сағат 13.40 шамасында “Өскемен-Алтай” автожолының 58 шақырымында “УАЗ” автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі шектеулі көру аймағында қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, “КАМАЗ” көлік құралын басып озды, осылайша 3.20 “басып озуға тыйым салынады” жол белгісінің талаптарын бұзды, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметінде.

Аталған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, оның санкциясында 6 айға көлік құралын басқару құқығынан айыру көзделген.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button