ШҚОҚоғамШҚО

ШҚО-да ауылдық әкімдеріне үміткерлердің ең жасы 26 жаста

Шығыс Қазақстан облысының сайлау округтерінде 14 шілдедегі ақпарат бойынша 235 кандидат тіркелді. Олардың 85 (36,2%) – саяси партиялармен, 150 (63,8%) - өзін-өзі ұсынғандар, деп хабарлайды Semey News.

– Орташа бәсекелестік 3 адамды құрайды. Ең көп 4 кандидат – Үржар ауданының Мақаншы ауылдық округінде, Катонқарағай ауданының Белқарағай ауылдық округінде, Глубокое ауданының Ушанов ауылдық округінде, Абай ауданының Архат ауылдық округінде. Қалған 73 сайлау округтерінде – 3 кандидаттан тіркелді, – дейді Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиев.

Саяси партиялар ұсынған 76 сайлау округтері бойынша тіркелген кандидаттар: «NurOtan» партиясы – 61 кандидат, «Ауыл» ХДСП – 18 кандидат, «Ак Жол» ҚДП – 1 кандидат, «АDAL» СП – 3 кандидат, ҚХП – 1 кандидат, ЖСДП – 1 кандидат.

– Облыстың 76 сайлау округтерінде 6 саяси партия ұсынылған: 11 сайлау округінде – 2 саяси партиядан, 65 сайлау округтерінде – 1 саяси партия, 1 сайлау округінде – өзін-өзі ұсынғандар болды, – дейді Шығыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жанар Алқанова.

Тіркеуден өткен 235 кандидаттың: 168 мемлекеттік қызметшілер. Сондай-ақ, 48 кандидат ауылдық округте әкім лауазымына қайта ұсынылғандар, 3 кандидат басқа ауылдық округтерде әкім, немесе бұрын әкім болғандар.

– Соңғы жұмыс орны мемлекеттік қызметпен байланысты емес 67 кандидат мемлекеттік қызмет саласындағы заң талаптарының сәйкестігінен өтті. Олардың 9 – коммерциялық сала өкілдері, 52 – бюджет саласының қызметкерлері, 2 – уақытша жұмыссыз, 1 – үкіметтік емес ұйымдар, 3 – басқалар, – дейді Ерсайын Нәбиев.

235 кандидаттың 174 (74,5 пайызы) – ер адамдар, 61 (25,5 пайызы) – әйел адамдар. Кандидаттардың орташа жасы – 44 жас, ең жас кандидат – 26 жаста, жасы ең үлкені – 61 жаста.

Ауылдық округтерден 90 кандидат ұсынылып отыр. 130 – сол ауданда, 14 – облыста тұратындар. Басқа өңірден қатысып отырған – 1, ол сол ауылдық округтің тумасы.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button