ШҚОҚоғамТОПШҚО

“Өскемен-Алтай-Рахман қайнары” автожолының 55 шақырымында жол белгілері орнатылды

Шығыс Қазақстан облысы Әкімшілік полиция басқармасы жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру және апаттылықты азайтуға бағытталған іс-шараларды іске асыруда, деп хабарлайды Semey News.

Жол-көлік оқиғаларының талдауы көрсеткендей, ағымдағы жылдың басынан бері “Өскемен – Алтай – Рахман қайнары” автомобиль жолы ең апатты болып табылады, бұл ретте жол – көлік оқиғаларының туындауының негізгі себептері – бұл жылдамдық режимі мен маневр жасау қағидаларының бұзылуы болып табылады.

Республикалық маңызы бар “Өскемен-Алтай – Рахман қайнары” автомобиль жолының 55 шақырымында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттылықты төмендету мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Әкімшілік полиция басқармасының ұйғарымы бойынша 2021 жылдың 14 шілдеде “Ең жоғары жылдамдықты шектеу” (50 км/сағ) жол белгілерін, қауіпті бұрылыстарды білдіретін тосқауыл қоршауларын орнату және белгілерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жургізілді.

ШҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы көлік жүргізушілерінен абай болуды, жол қозғалысы ережелері мен белгіленген жол белгілерінің талаптарын сақтауды сұрайды.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button