ҚоғамСемейТОП

Семей әкімі Шүлбі және Новобаженова мекендерінде болды

Бақытжан Байахметов Шүлбі кенті мен Новобаженово ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесті және денсаулық сақтау және әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады, деп хабарлайды Semey News.

3 мыңнан асатын халқы бар Шүлбі кентінде 400 жуық оқушы білім алатын екі мектеп және мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс істейді. Өткен жылдың соңғы тоқсанында заманауи техникамен жабдықталған электронды қызмет көрсету орталығы ашылды.

Тұрғындардың көпшілігін өрт сөндіру техникаларының ескіргендігі мазалайды. Қала әкімінен техникалардың бір бөлігін жаңартуды сұрады.

Новобаженово ауылының тұрғындары көшедегі жарықтандыру мәселесін көтерді.

– Қазіргі уақытта аталған көшелердегі жарықтандыру мәселесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің балансында. Тұрғындар бұл көшелерді ауылдың өз балансына беруді сұрайды. Сондықтан жарықтандыруды жаңартып қана қоймай, жол жөндеуді  қамтитын жоспар дайындау керек, – деді Бақытжан Байахметов.

Әкім ауыл басшылары мен тұрғындардың барлық ұсыныстарын тыңдап, таяу уақытта аталған мәселелер бойынша жоспар дайындалатынын жеткізді.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button