ШҚООқиғаТОПШҚО

ШҚО-да бір тәулікте өрттен 5 адам көз жұмды

Өткен тәулікте Шығыс Қазақстанда отты ұқыпсыз пайдалану салдарынан 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды Semey News.

Өскемен қаласында «Металлург-2» саяжай қоғамындағы тұрғын үйде өрт сөндірушілермен 30 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді. 1960 жылғы ер адам қайтыс болды.

Серебрянск қаласында жер үй өртеніп, 130 шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді. 1985 жылғы ер адам қайтыс болды.

Риддер қаласында 145 шаршы метр аумаққа тараған өрттен 1934 жылғы әйел адам және 1959 жылғы және 1994 жылғы екі ер адам көз жұмды.

Төтенше жағдайлар қызметі отты пайдалануда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button