ШҚОҚоғамТОПШҚО

Зайсан ауданында тұрғын үй құрылысына 1,6 млрд теңге бөлінді

Зайсан ауданында тұрғын үйлер салу, үй маңындағы аумақтарды абаттандыру, балалар спорт алаңдары салаларында белсенді жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Semey News.

Шекара маңындағы аумақтарды дамытудың Кешенді жоспарында тұрғын үй құрылысы секторында 1 млрд 621 млн теңге сомасына үш жобаны іске асыру жоспарланған.

Зайсан қаласында құны 781 млн теңгені құрайтын бес қабатты 60 пәтерлі тұрғын үй мен инженерлік инфрақұрылымның құрылысы аяқталу сатысында. Тұрғын үй ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен іске қосылған “Бір қабатты Шығыс” жобасы іске асырылуда. Оның аясында 840 млн теңгеге 30 екі пәтерлі үйдің құрылысы аяқталды. Енді тұрғын үйді пайдалануға беру үшін 126 млн теңге қажет. Ақша үйлердің инженерлік инфрақұрылымын қаржыландыруға қажет.

Алайда жұмыс тоқтамайды. Тағы  екі пәтерлі 35 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Осы мақсаттарға 832,5 млн теңге сомасында бюджет қаражаты 2022 жылға жоспарланған.

Сондай-ақ, көп балалы отбасылар үшін үй жанындағы аулаларды абаттандыру, екі пәтерлі 36 тұрғын үйдің шағын футбол және балалар ойын алаңдарын салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Олар өткен жылы пайдалануға берілді.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button