ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО Зайсан ауданында азық дайындау көлемі артты

Жерлер мен табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану – Зайсан ауданында агроөнеркәсіптік сектордың негізгі басымдықтары іспетті. Мұнда жем-шөп дайындау көлемі айтарлықтай өсті және пайдаланылмайтын жерлерді алып қою бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды Semey News.

Атап айтқанда, мал азығының жетіспеушілігі сияқты республикалық ауқымдағы күрделі проблемалар аясында Зайсан ауданында бұл бағытта үлкен жұмыстар жүргізілуде.

– ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасына сәйкес, егіс алқабы 3224 гектарға, яғни, 19,2% – ға ұлғайтылды. Мал азығын дайындауға көп көңіл бөлінді. Мысалы, көпжылдық шөптерді егу 2737 гектарға немесе 39,3% – ға артты, – деді Зайсан ауданының әкімі Серік Зайнулдин.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту, жерді ұтымды пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік жер қорына 39 шаруа қожалығынан 1875 га пайдаланылмайтын жер алынды. Бұл учаскелер аукциондар арқылы конкурстық негізде сатуға беріледі.

Айта кетейік, ауданда 2020-2024 жылдарға арналған шекара маңындағы аумақтарды ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық дамудың Кешенді жоспары жүзеге асырылуда.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button